Қоғам

Облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Олардың арасынан дипломдарын қолдарына енді алған жастар мен зейнет жасына жеткен адамдарды байқауға болады. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келгендердің қатарында Александр Голиков та бар. Егде жасқа жеткен қала тұрғынының былтыр денсаулығы сыр беріпті. Қазір азамат үшінші топтағы мүгедектікке шыққан. Сондықтан ол өзінің шама-шарқына сай келетін жұмысты табуға ниетті.

Александр Голиков – жұмыс іздеуші:

-Мен денсаулығыма байланысты күзетші мамандығын іздеп келдім. Басқа жұмысқа шамам келмейді. Бүгінгі жәрмеңкенің арқасында қызметке орналасам деп ойлаймын.

Жәрмеңкеге облыс орталығының 26 кәсіпорны қатысып, 200-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Қазіргі уақытта нарыққа дәнекерлеуші, электрик және дәрігер мамандары қажет. Ал, заңгер, экономисттерге сұраныс өте төмен екен. Айта кеткен жөн, бұл жолғы шараның өтуіне қалалық прокуратура мұрындық болған. Олар шаһардағы мемлекетке қарызы бар тұрғындар мен борышкерлерге бос жұмыс орындарын тауып бермек. Жалпы қаладағы алиментшілердің қарызы 20 миллион теңгеден асып жығылған.

Гүлжан Тәттібаева – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

-Біз жәрмеңке арқылы борышкерлерді жұмысқа орналастырмақмыз. Бұл республикада тек біздің өңірде қол алынған бастама.

Осы сынды шараларды прокурорлар алдағы уақыттарда жиі еткізуді жоспарлап отыр. Ал, өткен айда ұйымдастырылған 7-інші жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 120 адам тұрақты қызметке, ал 68-і уақытша жұмысқа тартылған.


 

Култанов Байболат