Қоғам

Мемлекеттік қызметке араласып жүрген нәзікжандылар саны артуда

Бұл жолы құрамына көп балалы және жалғыз басты келіншектер кіретін «Қызылжар аналары» ұйымына көмек көрсетуде. Мәселен, аталмыш бірлестіктің мүшесі Наталья ВелИжанская 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Алтын алқа иегері мекетепке 5 бірдей оқушыны дайындауы керек екен. Бұл жағдайда қол созып, қолдау танытып отырған жанашыр жандарға ананың алғысы зор.

Наталья Велижанская, «Қызылжар аналары» ұйымының мүшесі:

-“Қызылжар аналары” ұйымына мүше болғаныма 5 жыл. Сол уақыттан бері «Іскер әйелдер қауымдастығы» жаңа жыл, балалар күні сынды мейрамдарда көмек көрсетіп, сыйлықтарын ұсынып келеді. Олардың арқасында кеңсе тауарларына қол жеткіздік. Бүгін үш балама аяқ киім беріліп жатыр. Айта кетейін, бөбектерім, ұнағанын өздері таңдап алды.

Бұдан бөлек жергілікті іскер әйелдер қауымдастығы қаладағы өз ісін дөңгелетімін дейтін нәзік жандылар мен ардагерлерге де көмек қолын созудан тартынған емес. Жалпы өңірде, қолы ашық бизнесвумендерден бөлек, мемлекеттік қызмет атқарып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматшалар да молынан. Мәселен, облыстағы 190 ауыл әкімінің 37-сі әйелдер. Бұл жайлы нәзік жандылар қауымдастығының 7 айды қорытындылаған жиынында айтылды.

Бақытжан Сәмиева, «СҚО іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

-Біз бүгін осы уақытқа дейін атқарған қызметімізді қорытындыламақпыз. Аудандарды араладық. Қоғамның әлжуаз топтары мен қарияларға көмектестік. Енді міне мекетпке жол акциясының аясында оқушыларға қол ұшын созып отырмыз.

Қазақстанның болашағын әйелдердің жасампаз күші мен қоғам проблемаларын жоюға арналған бастамаларынсыз елестету мүмкін емес. Алайда, әлі де саясатпен айналысып жүрген нәзікжандылар саны аз дейді, Бахытжан Самиева. Сондықтан да, жиын соңында СҚО іскер әйелдер қауымдастығы мен «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы бірлесіп осы бағыттағы кадрлар резервін артыру керек деген шешім қабылдады.

 

 

Акбопе Танирберген