МТРА жаңалықтары

Жемқорлық орға жығады

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

-Көп адамдар өз жеке мәселелерімен құқық қорғау органдарына хабарласпаса да, партия ұйымдарына хабарласып жатады. Мысалға, кей кезде мәселе шешілмеуі мүмкін. Сондықтан да партия өкілдерімен осындай келісімге қол қою – алдын алу жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлық стратегиясын бірлесе атқарамыз.

Өз кезегінде партия ұйымдарының жергілікті филиалдарының басшылары болашақта осы департаментпен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнтауға мүдделі. Айтуларынша, екі жақты бірлесе атқарған іс-қашанда жемісті болады.

Сергей Мартемьянов – “Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы” ҚБ СҚОФ төрағасы:

-Конституция – ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын, мүдесін қорғайтын құжат. Сондықтан да біз саяси партия өкілдері осы заң аясында жұмыс жасап, халықтың дауысын жоғарыға жеткізуші болып саналамыз. Бүгінгі жиында жергілікті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жұмыс жасауға келістік, енді тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатамыз. Алда халық мүддесі негізінде жемісті еңбек етеміз деген ойдамын.

Басқосуда Ата заңның 20 жылдығы да тақырып өзегіне айналды. Қатысушылар Конституциядағы баптардың әр қазақстандықтың өмірінде маңызды рөл атқаратынындығын атап өтті. Отырыс соңында жемқорлықпен күресуші орган мен партия басшылары екіжақты әріптестік құжатына қол қойып, тарқасты.

 

 

Бакыт Садуакасов