Бизнес және экономика

Тимирязев ауданының “Маяк шаруа” қожалығы мемлекетке келісілген ақшаны қайтармаған

Яғни, осыдан үш жыл бұрын шаруа қожалығы жерді жалға алу туралы шарт жасағанда ауылдық округтің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да үлес қосуға келісімін беріпті. Алайда, осы уақыт ішінде өзіне жүктелген мідетті орындамаған.

Ничад Алиев – “Маяк” шаруа қожалығының басшысы, Тимирязев ауданы:

-Мен өзімнің мүмкіндігіме қарай ақша төледім. Ол қаражат 270 мың теңгені құрап отыр. Ал келісім бойынша 3 жыл ішінде шаруалық бір жарым миллион теңге өтеуге міндетті екен. Біз аудандық әкімдікпен бұл іс бойынша ауызша келісімге келгенбіз. Алайда, мұндай көлемдегі қаржы туралы әңгіме болған жоқ. Сондықтан, істі бір жақты қылу қажет.

Жалпы аталмыш ауданда облыс прокурорларының жіті тексеруімен дәл осындай 12 факт тіркелген. Шаруа қожалығының басшылары құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлер палатасына өтініш білдіріпті.

Жеңіс Қазиев – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы:

-Бүгін қаралып отырған мәселе өте маңызды. Кәсіпкерлер палатасы әрдайым бизнес иелерінің құқықтарын қорғайтын болғандықтан, істің анық-қанығына жетуге тарысамыз. Біздің басты мақсатымыз – осы сынды күрделі істердің санын қысқарту. Және кәсіпкерлердің ойларын тыңдап, жұмысты бір ізге салу.

Өңірдің кез-келген бизнесмені өз кәсібіне қатысты не бір заңбұзушылықтарға тап болса, облыстық кәсіпкерлер палатасына өтініш білдіре алады. Ол үшін 59-79-60 байланыс телефонын теру қажет.

 

 

Култанов Байболат