МТРА жаңалықтары

Облыс 2014 жылғы бюджеттің орындалу барысын БАҚ беттерінде жариялау бойынша 2-ші орынға тұрқтады

Сергей Худяков – СҚО жергілікті өзін өзі басқару институтының директоры:

-Мұндай деңгейдегі зерттеу жұмыстары елімізде 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ол жұмыстар еліміздің 14 аймағы мен республикалық маңыздағы екі қаланы қамтиды. Көбіне тұрғындар өз аумақтарына бөлінген қаржының игерілуі туралы бақ-тан біледі. Сол себептен, қарапайым жұртқа түсінікті етіп сызба немесе диаграмма арқылы көбірек көрсетсе орынды болар еді.

Жиынға мәслихат депутаттары, қалалық және облыстық әкімдік өкілдері мен қаржы басқармасының мамандары қатысты. Соңғыларының сөзінше, өңіріміз жергілікті бюджеттің орындалуын бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа беттерінде жариялау жағынан 90 пайыздық көрсеткішке қол жеткізген.

Қазипа Мұхамедиева – облыстық қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары:

-Біздің облысымыздың нәтижелері жаман емес. Бүгінгі күні өңір Шығыс Қазақстаннан кейін екінші орындамыз. Мұның өзі біраз жетістік, әлі де болса жұмыс атқарамыз. Әрбір ел азаматы қаржының қалай жұмсалғананын, қай салаға көбірек бөлінетіндігін білулері тиіс.

Дегенмен, мемлекеттік қаражаттың игерілу барысын жариялау кей жерлерде әлі де болса сылбыр жүруде. “Көш жүре түзеледі” деген нақылды ескерсек, алдағы уақытта бұл кем-кетіктің де орны толар.

 

 

Бакыт Садуакасов