МТРА жаңалықтары

Ата заңның 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Зиялы қауым өкілдері мен қариялар бүгінгі буынның өз ата заңының тарихын білуі шарт деп санайды. Бұл орайда, “Асыл Мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев “Біздің ата Заңымыз” аталатын баяндама даярлаған. Ол сөз барысында Қазақстан конституцияның пайда болу тарихына кеңінен тоқаталды.

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

-Тарихқа үңілсек, басты құжат осы уақытқа дейін 5 рет өзгертілген екен. 1926 жылы пайда болса, 1937 және 1978 жылдары өзгеріске ұшыраған. Одан кейін барып тәуелсіз Республикамыздың аза заң қабылданған.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қыз-Жібек Искакова Ата заң ел азаматтарының еңбек етіп, талапқа сай өмір сүруіне мүмкіндік береді дейді.

Қыз-Жібек Искакова , Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы:

-Оқушы болғандықтан конституциядағы бірнеше баптар маған да қатысты. Мысалы 30-шы баптың бірінші бөлімі. Онда орта білімді әр азамат алу керек және ол міндетті деп жазылған. Сондай-ақ дәл осы баптың 2-ші тармағында айтылғандай мектеп бітірген әр түлек жоғары білім алуға құқылы.

Ал, “Заңдағы басты құндылық – адам” деп аталған дөңгелек үстелдің модераторы Гүлбақша Мұсабаева 98 баптан тұратын заңымыздың Адам және Адамзат деп аталатын екінші бөліміне тоқаталып өтті. Қазірде, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де жастарды тәрбиелеуге мол үлес қосып жүрген маман, осыдан 20 жыл бұрын ата-заңымыздың қабылданған сәтінің куәсі болған.

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқық пәндері кафедрасының доценті:

-Мен ол кезде ҚарГуде білім алып жүрдім. Көппен бірге ата-заңмызға өз дауысымды бердім. Оған әске өкінген емеспін. Күннен-күнге еліміздің дамып қарыштауы заңымыздың, ел басымыздың арқасы.

Жиынға қатысушылардың назарына тәуелсіз еліміздің ата заңына қатысты шығарылған еңбектер орналастырылған көрме ұсынылды.

 

 

Акбопе Танирберген