Спорт

Мемлекеттік қызметкерлер волейболдан бақ сынасты

Алаңда қызықты ойын көрсетіп жатқан ақ жейделі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы мен сары киімдегі мемлекеттік кірістер департаментінің құрамасы. Екі мекеменің ойыншылары да ақтық кезеңге жолдама алған. Дәл қазір өзара 3-4 орындарға таласуда. Дода болғанымен де, мұндағы мақсат жеңу немесе жеңілу емес, әріптестік байланыстарды нығайту дейді, қатысушылар.

Айнагүл Садықова, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы:

-Сайысқа түпкілікті дайындалдық. Соның арқасы болар 4 команданы бірдей ойсырата жеңдік.

Бұл екі құраманың ойыншыларынан бөлек, қалалық әкімдік пен әділет департаментінің командалары да финалға жолдама алды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен чемпионат жыл сайын әр спорт түрі бойынша өтеді. Сайыстың бас төрешісі де мемлекеттік қызметкерлердің есеп қисап пен қағазбастылықты ысырып қойып, бір уақыт спортпен айналысып тұруы жөн дейді.

Берік Исеков, сайыстың бас төрешісі:

-Командалар тартысты әрі қызықты ойын көрсетіп жатыр. Жыл санап қатысушылар саны артып келе жатқаны қуантады. Жастар өте көп.

Екі күнге созылған жарыс тартысты өтуде. Сайыс соңында үздік командалар кубок, түрлі дәрежедегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Акбопе Танирберген