Мәдениет

Мәдени нысандағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл концерттік бағдарламаны театр көрермендері 28 тамыз күні тамашалай алады. Ең бастысы бүгіндері әртістер мұндағы жаңартылған дыбыс пен жарық-шамдарға қуануда. Ол өнер иелерін жаңа туындыларға шабыттандырары анық.

Мұхит Ахметов- СҚО филармониясының әртісі, режиссер:

-Жаңа жарық шамдар, дыбыс жүйесі орнатылған. Біз үшін, өнер иелері үшін шығармашылығымызды халыққа смапалы жеткізуде өте қажет.Көрермендер де осындай әдемі театрға келіп жақсы әсер алоып, дем алады деген ойдамыз.

Айта кету керек, осыған дейін мұнда жөндеу жұмыстары 10 жыл бұрын жасалыпты. Әбден жетім баланың күйін кешкен өнердің қара шаңырағы қазір адам танымастай өзгерді. Есіктер алмастырылып, көрермен залындағы орындықтар қызыл қаптамамен қапталған. Мұндағы орындар саны 655-тен 570-ке қысқартылды. Бұл келушілердің ыңғайлылығы үшін жасалыпты.

Спартак Рамазанов-Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен театрды жөндеуге, материалдық базасын нығайтуға 100 млн теңге бөлінді. Бүгін толығымен аяқталды. Жаңа маусымды «Сұлтан Бейбарыс» қойылымымен жаңартылған залда ашамыз. Конституция күніне арналған мерекені де осы залда көрермендер көре алады.

Ал алдағы уақытта театрдың шатырын жөндеу жоспарланған.

 

 

Магжан Ахмадина