МТРА жаңалықтары

Американдық валюта бірқалыпқа келуде

Любовь Легостаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “экономика, бухгалтерлік есеп және сервис” кафедрасы меңгерушісінің орынбасары:

-Халықтың дүрлігуі біршама басылды. Бастапқыда адамдар ұлттық валютадан құтылу амалын іздеп, доллар сатып алған. Бүгіндері теңгелік салымды индекстейтін жұмысшы тобы құрылды. Енді қазақстандықтар ештеңе жоғалтпайды.

Доллардың өсуі Қазақстанның дамуына оң ықпалын тигізеді дейді жергілікті экономистер. Мәселен, еліміздің сыртқа шығаратын тауарларының көлемі артып, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер біраз пайда көрмек.

Любовь Легостаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «экономика, бухгалтерлік есеп және сервис» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары:

-Біздің жаңа экономикалық саясатқа ауысқанымызға біраз болды. Негізі бұл дұрыс шешім. Ал бүгінгі жағдайға келетін болсақ, валюта бірқалыпқа келуде. Теңгеміз де тұрақтану үстінде. Сонымен қатар, ресейлік рубль де өсті. Бұл әрине жақсы жаңалық. Өйткені, енді біздің жерлестеріміз көрші елге бармай-ақ, отандық өнімдерді алатын болады. Сәйкесінше, бұл Қазақстанның дамуына бірқатар пайдасын әкелетіні сөзсіз.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері де келешекте доллар бағасын тұрақтанатын болады деген сенімде. Бүгіннің өзінде АҚШ валютасы біртіндеп түсіп келеді. Сондықтан алдағы уақытта қаржылық ахуал қалпына келеді деген сенім басым. Әзірше, бұндай қиыншылықтарды өз пайдамызға жаратып, кемшін жағын түзеуіміз керек.

Сергей Худяков- СҚО азаматтық альянсы төрағасы:

-Біз өз кезегімізде сұранысқа ие қызмет түрлерін көрсетіп, қоғамдық бірлестіктер жиылып, халықтың өтініші мен ұсынысын жоғары жаққа жеткізуге тырымасыз. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін де доллар бірнеше рет шарықтаған болатын. Сондықтан алдағы уақытта жағдай тұрақталады деген сенімдемін.

 

Айгерим Ержанова