Қоғам

Петропавлдағы білім ошақтары қысқа әзір

Дәулет Қалиасқаров – Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын үй инспекциясының жетекшісі:

-Көп жағдайда баспана иелері үйді жылуға ешқандай дайындықсыз қосады деген ойда жүреді. Бірақ бұл қате түсінік. Әрине, шаһардағы ешбір үй жылу көзінсіз қалмайтыны анық. Қала әкімі жанынан жылыту маусымына дайындық штабы құрылған еді. Қазіргі уақытта штаб жүйелі түрде ПИК-і, коммуналдық қызмет өкілдерімен қысқа әзірлік жөнінде кездесіп тұрады.

Бүгінде шаһардағы 39 мектеп, 57 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен 5 мектептен тыс мекеме – қытымыр қысқа сақадай-сай, – дейді қалалық білім беру бөлімінің мамандары. Бұл мақсатқа қалалық бюджет есебінен 2 миллион 860 мың теңге қаржы қарастырылған.

Аманғали Уәлиев – Петропавл қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

-Барлық білім беру ұйымдарында қысқа дайындық паспорттары қолға алынды. 100 пайыз дайын. Және де ағымдағы жөндеулер аяқталды. №23-ші мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы шаһардағы білім ұйымдарының жауапты науқанға дайындығын арнайы комиссия тексеруде. Бұл жұмыс келеп аптада аяқталады.

 

 

Бакыт Садуакасов