Өнеркәсіп

I-жарты жылдықта Қызылжар ауданының әлемеуттік-экономикалық дамуы қуантады

Және жыл сайын олардың қатары артуда. Мәселен, Бескөл ауылының өзінде ғана 12 айдың ішінде 50-ден аса үй бой көтереді екен. Ал халқының барлығы дерлік жұмыспен қамтылып, әлеуметтік дамуына назар аударылуда..

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

-Жылда-жылда орталықта 50-60 үй салынады. Енді үкіметтің бюджетімен біз орталықта жаңа жылумагистралі салынып жатыр. Біріншіден бұл халыққа ыңғайлы болады. Әсіресе, мектептер мен көпқабатты үйлерге жақсы. Бұл халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс. Аталмыш іске 484 млн теңге бөлінді.

Аталмыш ауданнның ауылдарын орталықтандырылған сумен қамту «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы жүзеге асады. Жалпы бүгіндн ауданда 72 елді-мекен бар. Оларды ауыз сумен қамту үшін биыл су тарататын желілерді жаңартуға кіріскен. Бұл мақсатта респбуликалық және жергілікті бюджеттен 723 млн теңгеге жуық қаражат бөлініпті.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

-уылдарды таза сумен қамту жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 22 елді-мекенде жұмыстар жасалып жатыр. Оның ішінде биыл 15-нде бұл мәселе шешілді. Ал қалғанын ендігі жылы аяқтаймыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Айту керек, Бескөл ауылында көпқабатты үйлердің 84-і бар екен. Оларды жылумен қамтыған соң, аудан басшысы жеке ПИК-ін ұйымдастырмақ. Бұл өте маңызды дейді Болат Жұмабеков.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

-Осы жылдың наурыз айында жаңа кооператив тіркелді. Көпқабатты үйлерді біріктіріп, мемлекеттік модернизация бағдарламасына қатыстырсақ деп ойлаймын. Бұл ескі үйлерді жаңартуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Бүгінде аудан орталығында 10 мыңға жуық халық тұрады екен. Олардың да әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында аудан басшысы алғаш рет ауыл ішінде маршруттық 2 автобусты іске қосыпты. Бұл бескөлдіктер үшін жақсы жаңалықтың бірі. Енді қысы-жазы тұрғындар осы көлікпен ауыл ішінде қатынамақ. Облыс орталығынан 12 шақырым орналасқан Қызылжар ауданында бүгінде орақ науқаны басталып кетті. Диқаншылар 2 мың гектар жерді шауып үлгерді. Астық берекелігі гектар басына 18 центнерден айналуда. Сонымен қатар, құс пен мал шаруашылығыда өрге басуда. Даму динамикасына зер салсақ, биыл олардың саны 5-тен 32 пайызға өскен. Аудандағы фабрикаларда құстың өзі 1,5 млн-ға артқан. Бұл бізге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасы дейді Болат Жұмабеков. Сондай-ақ, аудан басшылығы жастардың жұмыспен қамтылуын да назардан тыс қалдырмады. Жалпы бүгінде аудандағы жұмысшылар орташа есеппен 76 мың теңге көлемінде еңбекақы алып отыр.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

-Жақсы даярланған мамандарды қайта-қайта іздемеу үшін бұл жұмысты мектептен бастау керек. Биыл бірінші рет 9-11 сынып оқушыларын жинап, кәсіпкерлермен кездесу өткіздік. Нәтижесінде 9 кәсіпкер 9 оқушы баланы өз қарауына алды. Яғни оларды коллдежде оқытып, жұмысқа өз кәсіпорындарына алады.

Жалпы Қызылжар ауданының тұрғындары әкімге жол мен көшедегі жарық мәселесін қарауды өтініпті. Халықтың сұрауын аяқ асты етпеген басшы бұл проблемаларды жуық арада шешілетінін айтты. Бүгінде ескі жарық беруші құрылғылар жаңартылу үстінде екен.

 

Айгерим Ержанова