Мәдениет

Бейнелеу өнері мұражайында “ЮНЕСКО” көркемөнер лицейінің суреттер көрмесі өтті

-Юнеско көркемөнер лицейінің түлектері ұйымдастырған көрмеде 60 жуық картина бар. Олардың барлығының эскиздік және толық нұсқалары қойылған. Мысалға, “Жазғы өнім” бейнесінің салыну барысы мынандай болса, ал мынау дайын әдемі картинасы.

Көрмедегі көз тартар картиналардың тағы бірі – “Петр мен Павел шіркеуі”. Оны лицейдің 15 жасар суретшісі Анна Невалько киізден тоқыпты. Еңбектегі әсем кескіндер көрерменнің назарын бірден өзіне аударады. Дәл осы суреттің салыну техникасы ерекше дейді, облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Валентина Воробьева.

Валентина Воробьева – Облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары:

-Картинаның композициясы өте күрделі. Таза киізден осындай туындыны кез-келген адам жасай алмайды. Автор шіркеуді кескіндеген кезде әрбір бөлшектерін түгел қамтыған. Картинаға қарап құдды сол ғимараттың жанында тұрғандай боласың. Маған қатты ұнады.

Ата заңымыздың жиырма жылдығына арналған көрме қыркүйек айының басына дейін жұмыс істейді.

 

 

Култанов Байболат