Әр түрлі

Құтқарушылар спорттық сында бақ таластыруда

Өрт сөндірушілер бұған жылдам жауап қайырды. Алайда түпкілікті дайындалған құтқарушылар есе жіберер емес. Ойынның екінші жартысында қара жейделілер жауапсыз екі бірдей гол соқты. Қорытынды есеп 6:4 есебімен төтенше жағдайлар басқармасы командасының пайдасына шешілді.

Ербол Мұханбеталин – Петропавл қалалық ТЖБ құрамасының капитаны:

– Командада 10 адам. Бүгінгі жарыста алаңға бірінші болып шықтық. Қарсыластарымыз да осал емес екен. Дегенмен біздің жігіттер бір-біріне пас беру арқылы өте ұтымды ойнады. Енді өзге құрамамен бақ таластырамыз.

Өңірдің төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері әр мерекенің алдында өзара спорттық жарыстар өткізеді. Бұл жолғысын ата заңның 20 жылдығына арнапты. Қауырт оқиғалардың басы-қасында жүретін қалалық жедел құтқару отряды мұндай шараға бірінші рет қатысып отыр екен.

Айбол Отарбаев, Қалалық жедел құтқару отрядының жетекшісі:


– Бірінші рет қатысып отырмыз. Команданың мүшелері жұмысқа жаңа орналасқан жастар. 1 апта дайындық жүргіздік. Енді жеңістен дәмеліміз.

Сайыскерлер шағын футболдан бөлек, шахмат пен жауынгерлік қанат жаюдан да бақ таласырмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері спортпен айналысу арқылы шапшаңдықтарын еселей түседі.

Қайрат Садықов, СҚО азаматтық қорғаныс басқармасының маманы:

– Бүгін 7 команда қатысып отыр. Олар Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелер, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі СҚО бойынша аумақтық бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдері. Спорт – денсаулық кепілі. Әрқашан түрлі оқиғалардың басы қасында жүрген біздерге шапшаң әрі өте епті болу шарт. Сол себепті мұндай шараларды жиі өткізіп тұруға тырысамыз.

Спорттық сын екі күнге жалғаспақ.

Акбопе Танирберген