Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен 2 ауданда болды

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мамлют ауданының қазынасына 53,7 млн тг. түспей қалды. Жыл аяғына дейін аудан бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру қажет. Жалпы барлық аудандар қыркүйек айында кестеге енуі тиіс. Жыл аяғына дейін Мамлют ауданы жергілікті қазынаға 118,9 млн. тг жинау керек.

Аудандағы барлық жағдайды қысқаша Ерболат Бекшенов баяндады. Одан соң департамент пен ведомства жетекшілері сөз алды. Жиында ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану керектігі жайында айтылды. Сондай-ақ, отырыста жер үшін салынатын салық жүктемесі талқыланды.

Төлеген Қабдөшев, СҚО мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісінің м.а.:

– Мамлют ауданындағы жердің бір гектрына салық жүктемесі 359 тг. Бұл өте төмен баға. Оны көтеру керек. Сіздермен салыстырғанда басқа аудандарда салық жүктемесі әлдеқайда жоғары. Мысалыға, Қызылжар ауданын алсақ, онда агроқұрылым басшылары бір гектарына 1300-1500 тг. Төлейді.

Ауданда “Бизнестің Жол картасы 2020”, “Сыбаға”, “Құлан” сынды бағдарламалар тиісті деңгейде орындалмауда.

Алтынбек Абдуллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– “Сыбаға” бағдарламасын Мамлют ауданы 31 пайызға ғана орындаған. Бұл өте төмен көрсеткіш. Аталмыш бағдарламаға осы ауданнан 2 округ қана қатысуда. Ал қалғандары орындарынан қозғалар емес. “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламасында да дәл осындай жағдай, 3 округ ниет танытты.

Бүгінде ауданда ауылшаруашылығы еңбекерлерінің жалақысы облысымыздың орташа көрсеткішінен 25 мың теңгеге төмен. Оған қоса кей пысықай серіктестік басшылары жалақыны қысқартып, кірісі мен табысын фискалды органдардан жасырып қалуға тырысады. Бұл бүтіндей алғанда аудан экономикасына кері әсерін тигізуде. Жиынды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина түйіндеді. Сенатор отырыста ДСҰ-ның талаптарына сай салық заңнамасының түбегейлі өзгеретіндігін жеткізді.

Жиналыстан соң өңір жетекшісі Воскресеновка селолық округіндегі “БарСик” ЖШС-нің егістік алқабына соқты. Биыл серіктестік жалпы аумағы 1086 Га-дың 704-іне бидай сеуіпті .

Кейін өңір жетекшісі “Новомихайловское-2003” серіктестіктерінің егістік алқаптарын аралады. “Новомихайловское-2003” серіктестіктерінің астық қабылдайтын элеваторын көрді. Компания басшысы, Геннадий Щёголев бүгінде ауыл тұрғындарының әлеуметік жағдайын жақсартуға үлесін қосып келеді. Биыл Мамлют ауданындағы КТ-22 облыстық маңыздағы жолдың 5 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде мердігер компания 4,1 км-іне жол төсеп үлгерді.

Кейін облыс әкімі “Мәмбетов и К” КС-нің егістік алқабын көрді. Жалпы Мамлют ауданының аграрийлері 1 912 тонна дизелдік отынға тапсырыс берген. Бүгінде олардың сұранысы 86 пайызға қанағаттандырылды. Ауа-райы оң қабақ танытса, биыл күзгі жиын-терімде ауданда мол өнім жиналмақшы. Шамамен гектар берекелігі 20 центнерден кем болмайды.

Ал мынау Жамбыл ауданындағы “Жамбыл Агротехника” ЖШС-нің сұлы себілген алқабы. Бүгінде мұнда жұмыс қызған. Ерік Сұлтанов алқаптағы шаруамен танысқан соң аудан активімен және аграрийлермен кездесті. Жиында бюджеттің орындалу барысы мен экономиканың барлық салаларындағы мәселелер қозғалды. Осы тұста өңір жетекшісі бидай мен майлы дақылдарды шашау шығармай мерзімінде жинап алу керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Әкімдеріңіз айтпақшы, ауданда техника, жанар-жағармай қоры жеткілікті. Мамандардың болжауынша, күзде шауын-шашын мөлшері нормаға сай болады.

Бүгінде Жамбыл ауданында ауылшаруышылығы техника паркі жаңалауды қажет етеді. Аудандағы тракторлар мен комбайндардың тозуы облыстың орташа көрсеткішінен 71 пайызға жоғары.

Алтынбек Абдуллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жамбыл ауданында 916 трактор, 565 комбайн бар. Жалпы ауданда егін жинау науқанына техниканың 99 пайызы дайын. Алайда, ауданда трактор пакін жаңарту қажет. Бүгінде тракторлардың 69 пайызы тозған. Комбайн 57 пайызға тозған. Десе де, техниканы жаңалау ісі оң жолға қойылған. Ауданға 70 бірлік техника сатып алынды.

Жамбыл ауданында мал шарушылығын дамыту қажет. Аудан қазынасына көлік салығы, түрлі деңгейдегі әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынбаған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының тұрғындары мен бизнесмендері мүлікті жария ету науқанына селқос қарауда.
Кеңестен соң, облыс әкімі “Шатило и К” ЖШС-нің базасында құрылған асыл тұқымды репродукторды көрді. Компания басшысы Виталий Шатилодан герефорд-ангусс сиырының қанша басқа жеткізетіндігін сұрап білді.

Ал мынау астық тазалайтын және оны кептіретін кешен. Нысан сағатына 50 тонна бидайды кептіруге қауқарлы. Бұл да “Шатило и К” ЖШС-не тиесілі.

Берик Касен