Денсаулық сақтау

Медициналық қызмет көрсету сапасы назарда

Әлия Рүстемова- Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Әзірге, бізде мұндай бір жағдай ғана орын алып отыр. Олқылық жіберген медициналық қызметкерге айыппұл салынды. Оның көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал егер лауазымды тұлға ондай заңбұзушылыққа жол берсе, онда оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынар еді.

Тағы тұрғындарды емханалар жұмысының қажет деңгейде ұйымдастырылмауы, медициналық қызметтердің сапасы мен дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі алаңдатып отыр. Дегенмен бүгіндері арыз-шағымдардың 40 пайызы негізсіз деп танылған. Ағымдағы жылдың 6 айында денсаулық сақтау саласындағы бақылау департаментінің мамандары емдеу мекемелерінде 87 тексеріс жүргізген.

Әлия Рүстемова- Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Тексеріс нәтижесінде мамандар 40 әкімшілік хаттама толтырды. Олардың 11-і лауазымды, 27-сі жеке тұлғаларға және тағы 2-уі жеке кәсіпкерлерге тағайындалды. Жалпы айыппұлдар мөлшері 3 млн. теңгені құрап отыр. 2 іс сотқа жөнелтілсе, тағы 11-і прокуратура органдарына жіберілді.

Ең алдымен, әр адам өзінің жеке басының саулығын ойлағаны дұрыс. Сондықтан, қандайда бір емдеу мекемесінде қызмет көрсету сапасы көңіліңізден шықпаса, сенім телефонына хабарласуға болады. Олар қазір барлық мекемелерде бар.

Магжан Ахмадина