Құқық қорғау органдары

Ғасыр індетімен күрес

Диана Смағұлова – Петропавл қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Қалалық Ішкі Істер Басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі оқушылар арасында мұндай шараларды жиі өткізіп тұрады. Жиында жедел уәкілдер өскелең ұрпақтың санасына есірткіден бойларын аулақ ұстау жайында дәріс оқып, әңгіме жүргізді. Бүгінгі кездесуде “спайс” шылым қоспасының зияны мен зардабы жайында баян етпекпіз.

Сонымен бірге, мектеп оқушыларына арнап спорттық іс-шара мен “Біз салауатты өмір үшін” атымен флеш-мобы ұйымдастырылды.

Ақалтын Еркінова – “Достық” лагерінің демалушысы:

– Сабақ кезінде әңгіме өткізді. Онда наркобизнес, спайстың қандай қауіпі болуы мүмкін екендігін және де есірткі заттарын тасымалдаушылар жайында сөйлестік.

Кездесу соңында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері жеткіншектерге спорттық ойындарға арналған құралдар мен кеңсе тауарларын үлестірді. Жалпы жыл басынан бері аталмыш сала қызметкерлері осындай мазмұндағы 84 шара өткізген.

 

Бакыт Садуакасов