МТРА жаңалықтары

Азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда

Айдарбек Сапаров- СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша облыста штаб құрылды. Ол штабты Ерік Сұлтанов басқарады. Сондай штаб аудандарда да құрылды. Бүкіл сауда орталықтарында мониторинг жүргізіп отырмыз. Баға бүгінгі күні тұрақты. Кәсіпкерлер бұған қуанып отыр. Өйткені баға Ресеймен теңесті. Сондықтан баға әрі қарай да өспейді деген ойдамыз.

Немересін жетектеген Оразкен әжей «Семейный» гиппермаркетіне жиі келеді. Күнделікті тауарды осында алатын петропавлдық баға әзірге өсе қойған жоқ дейді.

Оразкен Әділова- қала тұрғыны:

– Осы жерде тұрамын. Сондықтан жұмасына бір рет келемін. Ботқа бағасы кеше 80 болатын. Бүгін 81 теңге болыпты. 1 теңгеге өсіпті. Картоп арзандаған.

«Семейный» гипермаркетіне соққан Айдарбек Сапаров азық- түлік бағаларын қарап, суда орындарының қожайындарынан елмізде орын алған жағдайға қатысты тауар құны өзгертіледі ме сұрастырды. Бірақ мұнда халық бірінші кезекте тұтынатын, сүт, макарон өнімдері, күнбағыс майы, нан, көкөніс сынды әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны сол қалпында қалған.

Андрей Исаков- «Семейный» сауда желісінің директоры:

– Баға өздеріңіз көріп отырғандай өзгерген жоқ. Халық жаппай келіп тауарларды алып жатқан жоқ. Дүрбелең байқалмайды. Тауарларға деген қатты сұраныс та жоқ. Барлығы күнделіктегі жағдай бойынша жүріп жатыр. Өнімді тасымалдаушылар да бағаны өсірмеді. Сондықтан бағаны әзірге біз де осы қалыпта сақтап тұратын боламыз.

Импорттық тауарлар құны өссе де өзімізде өндірілетін өнім бағасы сол қалпында қалмақ. Сондықтан сұраныс артып жатса, бағаны көтермей, керісінше өндіріс көлемін арттыруға тырысамыз дейді облыс басшылығы. Жалпы барлық сауда орындарына қойылған тапсырма бір-ол баға өсіміне жол бермеу.

Магжан Ахмадина