Денсаулық сақтау

СҚО-да жыл басынан жүрекке 500 ота жасалған

Юлия Кочерова, емделуші:

– Жүрегім бұрын ауырған емес. Тек ара-тұра шаншитын. Ыстығым көтеріліп жөтеліп, денемді әлсіздік билегесін ауруғанаға қаралдым. Олар берген дәрі-дәрмектің көмегі болмады. Ал кейінгі тексерістің қорытындысы жүрек ауруына шалдыққанымды көрсетті. Ақ халаттылар шұғыл операция жасау керек деп шешті. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерге рахмет.

Орталықтағы кардиохирургиялық бөлімше 20 орынға шақталған. Қазірде мұнда қала мен облыс аудандарынан келген 10 тұрғын емделуде. 

Игорь Шумаков, облыстық Кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

– Жыл басынан бері орталықта жүрекке ашық түрде жасалған операциялардың саны 150-лер шамасында. Оның 23-і күрделі. Көбіне, бұл ауруға 50-60 жастан кейінгі адамдар шалдығады. Дегенмен, кейінгі кезде жастардың арасында жүрек-қан тамыр дерттерінің саны артуда. Бүгінгі күні біздің бөлімшенің дәрігерлері жүрек хирургиясындағы барлық дерлік оталарды жасауға қауқарлы.

Ағзадағы басты мүшеге жасалатын әр операция «газ және электролит анализаторы» деп аталатын мына аппараттың қөмегімен өтеді. Бұл ота уақытында адам ағзасындағы глюкоза, натрий сынды элеметтердің деңгейін көрсетіп тұрады. Дәрігер құрылғы көрсеткен нәтижеге сүйеніп әрекет етеді екен. Орталыққа бұдан өзге, жаңадан «автоматтық-биохимиялық анализатор» әкелініпті. Оның бір уақытта 400 қан сынамасының сараптамасын шығаратын қауқары бар. 

Гүлназ Мұқанова, облыстық кардиологиялық орталықтың биохимиялық зертханысының меңгерушісі:

– Анализатор Испания елінде өндірілген. Құны 15 млн. теңгені құрайды. Бұл құрылғы арқылы қаладағы бірқатар медицина орталықтарына қан сараптамасын айырып беруге көмектесеміз. Аппараттың көрсеткен көрсеткіші қолмен жасалған сараптамаға қарағанда 2 есе нақты әрі жылдам.

Мұндағы заманауи құрылғылар лаборант пен дәрігердің жұмысын жеңілдетуге үлкен себін тигізеді. Кардиолог мамандар күніне шамамен алғанда 2-3 емдеу отасы мен 7-8 диагностикалық зерттеу өткізеді.

Акбопе Танирберген