Өнеркәсіп

“Изолит” ЖШС ағаш өңдейтін цех жұмыс жасап тұр

Александр Шушаков – “Изолит” ЖШС ағаш ұстасы:

– Өзімнің бұл салада еңбек етіп жүргеніме 45 жылдай болып қалды. Ағаш цехында үйге керекті есік-терезе, орындықтарды шығарамыз. Орташа алғанда бір есікті жасауға 30 күндей уақыт кетеді.

Үй жиғаздарынан бөлек, мұнда жиі кездесе бермейтін бұйымдарды жасатуға болады. Мәселен, жерлестерімізден саяжай мен аула ішіне орнатылатын шатырларға көптеп тапсырыс келіп түсетін көрінеді.

Валентина Золотарева – “Изолит” ЖШС коммерциялық директоры:

– Біздің жиһаздарымыз әсіресе петропавлдық тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие. Өйткені біз шығаратын өнімдеріміз сапалы болып келеді. Болашақта өндіріс орнын кеңейтуді мақсат етіп отырмыз.

Айта кеткен жөн, серіктестік шығаратын ағаш өнімдерінің бағасы сапасына сай келеді.

 

Бакыт Садуакасов