МТРА жаңалықтары

Православтық христиандарда Яблочный спас мейрамы бастау алды

епископ Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының басшысы:

– Бүгін барлық христиандар үшін қасиетті күн. Өйткені, дәл осы күні Иса пайғамбар оқушыларымен тауға құлшылық етуге келгенде өзгерген. Осы уақытта оның жүзі жарқырап кеткен. Оның шәкірттері содан кейін Құдайға сеніпті. Сондықтан қасиетті мерекеде баршамыз туған-туыстарымыздың, жақындарымыздың амандығы үшін ниет етіп, дұға оқиық.

Бұдан кейін жиналғандарға бір ұзім нан мен дұға оқылған қасиетті су үлестірілді. Сондай-ақ бұл күнді алма спас мерекесі деп те атайды. Халық сенімінде бұл күн күз келгенін білдіреді. Сондықтан 19 тамызда шіркеуде жеміс-жидектер мен көкөністер аластатылады.

Татьяна Аникина – шіркеуге келуші:

– Бұл аңыз бойынша, жыл соңы, өнімдерді жинайтын кезең болып есептелген. Бүгін бар жиған-тергенімізді осында алып келдік. Жеміс-жидектерге қасетті су тигенде, өнім өздігінше өзгеріп, тіпті тәтті бола түседі. Әсіресе алманы құмарлана жейміз. Оны кептіріп сақтап, қыс бойы жеуге болады.

Христиандар бұл күні құдайға сыйынып, жақсы тілектер айтады. Кейін проваславтықтар мейрамды туған-туыстарымен тойлайды.

Култанов Байболат