Ауыл шаруашылығы

Петропавл бройлер фабрикасы ЖШС өнім көлемін арттыруды көздейді

Наталья Натиева- «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС операторы:

– Тауықтар балалар сияқты. Адамға тез бауыр басады. Көбіне тамақ ішуге барарда бұрыш-бұрыштарға тығылып жатады. Сондықтанр оларды үнемі жем жеуге жүгіртіп әкелесің. Балапандарды күні кеше өлшедік, қазіргі салмағы 600 граммнан асады. Құнарлы тамақ пен жақсы күтімнің арқасында тауықтар 45 күн ішінде тиісті салмақ қосып, олар сою цехына жөнелтіледі.

«Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС 7 жыл бұрын құрылғанда мұнда небәрі 30 мың құс болыпты. Қазір фабрикадағы 6 құс қорасындағы қанаттылардың саны 150 мың басқа жеткен. Олардың күтіміне 50 қызметкер жауапты. Жыл сайын кәсіпорын 1600 тонна құс етін береді. Биыл ол көрсеткішті 1700 тоннаға жеткізу көзделген. Серіктестік бұл қолжетімді меже дейді.

Орынбасар Алпысбаева- «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС дәрігер-ветеринары:

 

– Тауар сапасы өте жақсы. Еш күмән тудырмайды. Ол үшін кәсіпорында жақсы жағдайлар жасалған. Тауықтар екпеден өтеді. Салмағы мен жем-азық үнемі бақылауда. Сондықтан біз нарықта өзге елдермен бәсекелесе аламыз.

Кәсіпорынның алға қойған жоспарлары ауқымды. Олар келешекте үлкен тоңазытқыш салуды көздейді.

Магжан Ахмадина