Білім

Мектепке жол акциясы жалғасуда

Галина Голодова, Тимофейдің әжесі:

–  Зейнетақым аз. Күнделікті қажеттіліктерімізге ғана жетеді. Немереме әке-шешесі қарайламайды. Оның сенері жалғыз мен. Дегенмен, баланы қатарынан қалдырмай мектепте оқыту да оңай емес.

Балғындар үшін «Улыбка» балалар қайырымдылық қоры алдымен кішігірім шоу ұйымдастырыпты. Сайқымазақтар балақайлардың көңілін көтеріп түрлі ойындар ойнатты. Дәл осы жерде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында солтүстікқазақстандық 7 балғынға оқу жабдықтары бар сөмке таратылды.

Галина Бондаренко – «Улыбка» балалар қайырымдылық қорының президенті:

– Бүгінгі шараны «Білім алғым келеді» деп атадық. Осыған дейін 5 бүлдіршінге мектепке керек-жарағын сыйлап үлгердік. Бүгін 7 балаға, келесі жұмада 3 оқушыға оқу-құралдарын алып бермекпіз. Биылғы акциямызға жастар бастамалары орталығы да ортақтасып отыр. Айта кетейін, қаладағы “Рахмет” сауда үйінде арнайы қорапшамызды орнаттық. Оның ішіне қала тұрғындарының салған заттарын қайырымдылыққа мұқтаж отбасыларына таратамыз.

Аталмыш қайырымдылық қоры бұдан өзге де ізгі істерді жүзеге асыруда. Мәселен биылдың өзінде 3 жеткіншектің ем-домына арнап 400 мыңге теңге соммасында қаражат бөлген.

 

Акбопе Танирберген