Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласын оң өзгерістер күтіп тұр

Мариям Бапанова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Мен Елбасының амбулаторлық-емханалық емдеу мекемелеріне түсетін көп жүктемелерді азайтып, жекеменшік медицинаны дамыту керек деген ұсынысын қолдаймын. Ұлт жоспарындағы 80-ші қадамда көрсетілгендей, болашақта аталған салаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмекші. Осылайша, тұрғындардың денсаулығына мемлекет қана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер де жауапты болады.

Болашақта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанынан медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша бірлескен комиссия құрылады.

Мариям Бапанова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі комиссия өңірдегі басқармалар мен әрбір емдеу мекемелерінде құрылады. Олар тұрғындарға көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасын, мекеме жұмысының стандарттарға сайлылығын тексеретін болады.

Сондай-ақ, келешекте отандық медицинаға халықаралық талаптарға сай  стандарттар енгізілмекші.

 

Берик Касен