Білім

Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Рәзия Қасымова- М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің директоры:

–  Біздің мектеп-лицейдің ҰБТ бойынша нәтижесі қала мектептерімен салыстырғанда өте жоғары. Бұл әрине әр мұғалімнің еңбегі, жауапкершілігі. Біздегі ұстаздардың тәжірбиелері мол. Биыл 41 түлек болды. Оның ішінде 16-сы республика және шетел гранттарын алды.

Тағы Ресейдің Омбы облысынан келген «Монтессории» ғылыми- өндірістік ұйымының директоры Александр Волошин оларда жасалатын тың әдістердің тиімділігі жайлы айтып кетті. Компания өкілдері елімізбен тығыз қарым-қатынас орнатқан. 22 жыл бойы 9 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің дамуы үшін қажетті тәсілдерді жасап келе жатқан мекеме өкілдері 700-ден астам әдістің авторы атанған. Кейін жиын залда жалғасты. Мұнда өткен оқу жылының қортындысы мен келешекке деген жоспарлар жайлы сөз қозғалды. Биылдан бастап өңірдің барлық оқу орындары 12 жылдық білім беру әдісіне көшпек. Онымен қоса мектеп формасы енгізілді. Ең бастысы барлық қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне үлкен міндет жүктеліп отыр.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы:

–  Көп жағдайда қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мемлекеттік тілге тек пәндік мақсаттар қойып, сол бойынша ғана жұмыс жасайды. Ал ендігі уақытта әр мектеп түлегі мемлекеттік тілде еркін сөйлей ала білуі тиіс. Яғни, оны саяси деңгейге көтеру тиіспіз. Бұл бағытта қала мектептерінің мұғілімдерінің біліктілігі де, білімі де жетеді деп білемін.

Кейін 2014-2015 оқу жылдары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өз еңбегінің жемісін көрсеткен ұстаздар қауымы түрлі марапаттарға ие болды. Министрліктің құрмет грамотасын алғандардың қатарында М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі- Зухра Ауғанбаева да бар. «Үздік педагог-2015» облыстық байқауының жеңімпазы атанған оқытушы өмірінің 19 жылын осы салаға арнапты.

Зухра Ауғанбаева- М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

– Бүгінгі құрметтің мен үшін маңызы зор. Мұғалімнің білімі, шәкірттерге беріп жатқан тәлімі осындай әрекеттермен өлшенеді. Сондықтанда бұл тек маған беріліп жатқан марапат емес. Сондықтан болашақта әлі де болса, оқытушыларды білім нәрімен сусындатуға тырысамын.

Кейін кезек маңызды тақырыптарды қаузаған баяндамаларға келіп жетті. Алғашқылардың бірі болып, өзінің жекеменшік балабақшасы жайлы Балдырған Ілиясов айтты. Инновациялық әдістер мен жобаларды қолданатын балабақша иесі, бірнеше тың идеяларды жүзеге асырып келеді.

Балдырған Ілиясов- «Баларман» ЖШС директоры:

– Біз ата- аналарға үлкен жағдай жасап отырмыз. Жұмыстан кеш шығатын ата-аналар балалары бізде қалады. Кезекшілік ұйымдастырылған. Тағы биылдан бастап онлайын режимде ата-аналар үйінде, жұмыста отырып өз балаларын көре алады.

Шамамен, 10 күннен кейін өңірдегі барлық білім беру ошақтары оқушылар үшін есігін айқара ашады. Бүгіндері мектептер ағымдағы жөндеу жұмыстарынан толық өтіп, оқулықтармен қамтылған.

Магжан Ахмадина


Студия:Дорога в школу-улыбка
Автор: Акбопе Танирберген Оператор: Ведущий : Хронометраж:00:00:00 Заданный хронометраж: 00:00:00 Расчетный хронометраж: 00:00:19 ID блока: 2589561744 Номер блока в расписанни выпуска: 9 Блок готов: 1 Блок принят: 1 ID типа блока: 3 комментарй к блоку:
((Мектепке жол акциясы жалғасуда))


Бүгін сыйлық алғандардың қатарында кішкентай Тимофей Голодов бар. Оны биыл әжесі мектепке даярлық тобына бермекші. Үшінші топтың мүгедегі әрі зейнеткер Галина Анасовна Тимофейді кішкене күнінен бағып-қаққан екен. Немересін мектепке қамдауға жағдайы жетпеген қария «Улыбка” қайырымдылық қорына жүгінген.

Галина Голодова, Тимофейдің әжесі:


–  Зейнетақым аз. Күнделікті қажеттіліктерімізге ғана жетеді. Немереме әке-шешесі қарайламайды. Оның сенері жалғыз мен. Дегенмен, баланы қатарынан қалдырмай мектепте оқыту да оңай емес.

Балғындар үшін «Улыбка» балалар қайырымдылық қоры алдымен кішігірім шоу ұйымдастырыпты. Сайқымазақтар балақайлардың көңілін көтеріп түрлі ойындар ойнатты. Дәл осы жерде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында солтүстікқазақстандық 7 балғынға оқу жабдықтары бар сөмке таратылды.

Галина Бондаренко – «Улыбка» балалар қайырымдылық қорының президенті:

– Бүгінгі шараны «Білім алғым келеді» деп атадық. Осыған дейін 5 бүлдіршінге мектепке керек-жарағын сыйлап үлгердік. Бүгін 7 балаға, келесі жұмада 3 оқушыға оқу-құралдарын алып бермекпіз. Биылғы акциямызға жастар бастамалары орталығы да ортақтасып отыр. Айта кетейін, қаладағы “Рахмет” сауда үйінде арнайы қорапшамызды орнаттық. Оның ішіне қала тұрғындарының салған заттарын қайырымдылыққа мұқтаж отбасыларына таратамыз.

Аталмыш қайырымдылық қоры бұдан өзге де ізгі істерді жүзеге асыруда. Мәселен биылдың өзінде 3 жеткіншектің ем-домына арнап 400 мыңге теңге соммасында қаражат бөлген.

 

Акбопе Танирберген