Мәдениет

Стратегиялық құжаттағы 6 қадам біртектілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған

Дина Әбілмәжінова, СҚ “Қоғамдық келісім” КММ директоры:

-Елбасы 5 институционалды реформасында әрбір қазақстандықтың алдына 100 нақты қадамды нықтап берді. Соның ішінде 85,86 қадам бойынша СҚ “Қоғамдық келісім” КММ және СҚО Ассамблеясы “Мәңгілік ел” ұлттық идеясын қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатында үгіттеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айыртау ауданындағы Имантау және Шалқар көлдері жағалауында “Этноауыл” жобасы жүзеге асырылмақ. Жаңа бағдарлама аясында туристер қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныса алады.

Сағындық Салмұрзин, СҚ “Қоғамдық келісім” КММ бас эксперті:

-Алдымызда үлкен сынақ келе жатыр. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдіктер еліміздің мәдениетіне, болмысына және табиғатына тамсана қарауы тиіс. Ол үшін елімізде туризмді дамыту қажет.

“Қоғамдық келісім” мекемесінің бас эксперті Сағындық Салмұрзин қазақ елі – көпұлтты республика. Десе де, мемлекеттік тіл біз үшін біріктіретін күш болып табылуы тиіс дейді.

Сағындық Салмұрзин, СҚ “Қоғамдық келісім” КММ бас эксперті:

-Мемлекеттік тіл дегеніміз ол ана тілі. Яғни ана сүтімен бойға дарыған тіл. Сондықтан ересектер, әсіресе жас келіншектер мектепте, колледжде, университетте орысша оқыдым деген бос сылтауын қойып, бала-шағасына қазақ тілін үйретуі тиіс. Балаларына батырлар жыры мен халық ертегілерін көп оқу керек. Сонда халқымыздың бай мұрасы бар.

Бірлігі күшті ел озады демекші, біз одан әрі татулығымызды бекемдеп, Ұлт көшбасшысы ұсынған “100 нақты қадам” бағдарламасын жұмыла жүзеге асырсақ, алда алар асуымыз көп болмақ.


 

Берик Касен