Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдегі элеваторлар астық қабылдауға дайындық үстінде

Әсет Рахматуллин – “Компания Нұр Астық ЛТД” ЖШС директорының орынбасары, Қызылжар ауданы:

-Күзде астық қабылдау орнына бидай, арпа мен сұлыны Қызылжар, Аққайың мен Мамлют аудандарынан жеткізеді. Элеватордың сыйымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Астық қабылдау мекемесінің тәулігіне 150 тонна ырыс дәнін кептіруге шамасы жетеді.

Элеватор 11 сақтау қоймасы мен 2 диірменнен тұрады. Алып нысанның бір артықшылығы – нысан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сондықтан, астықты теміржолмен тасымалдауға мүмкіндік бар.

Василий Костин – “Компания Нұр Астық ЛТД” ЖШС еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау бойынша инженері, Қызылжар ауданы:

-Ең алғашқы астық сақтау қоймалары тың игеру жылдары салынған болатын. Одан кейінгі уақытта өзге де нысандар бой көтеріп, іске қосылды. Қазірде элеваторда 2 диірменнің біреуі жұмыс істеп тұр. Ол – жаңасы. Күніне 150 тонна бидай ұнын өндіруге қауқары бар.

Элеватор қызметкерлері ауа райы қолайсыз болған жағдайда астықты кептіретін қондырғылар үздіксіз жұмыс істейді дейді. Қазіргі уақытта мұндағы диірменде ұнның бірнеше сұрпы шығарылады. Өнім еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарына жөнелтіледі.

 

Бакыт Садуакасов