Ауыл шаруашылығы

Облыста малдарды бірдейлендіру порталы жұмыс істейді

Берік Әлжанов – СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

-Онлайн жүйедегі веб-портал 2014 жылы іске қосылды. Ол “Қазагромаркетинг” АҚ құрылды.

Веб-портал ғаламтордың арқасында облыстың әрбір селолық округінде де жұмыс істейді. Бұрындары атқарар істің барлығы қағаз жүзінде болса, қазір ол жылдам түрге ауысқан. Онлайн бағдарламаның арқасында жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеді дейді облыстық ветеринария басқармасының маманы Ирина Гуськова.

Ирина Гуськова – СҚО ветеринария басқармасының ветеринар-дәрігері:

-Сайттың көмегімен біз облысымыздың шалғай аудандарына бармай-ақ, ол жердегі мал басын, қаншасына екпе егілгенін анықтай аламыз. Және мал ауруына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар бойынша деректерді қабылдап, тиісінше нұсқаулықтар жібереміз.

Веб-порталда төрт-түлікке егілетін дәрілер түгел жазылған. Мәселен, тамыз айынан бастау алған науқан кезінде 240 мың екпе салыныпты.
Бүгінде өңірде барлығы 189 ветеринарлық орталық бар. Оларда 400-тен астам мал дәрігері қызмет етеді.

 

 

Култанов Байболат