Білім

“100 нақты қадам” – жарқын болашаққа бастар жол

Валентина Черных – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

-Елбасымыз бекіткен 100 нақты қадамның жетеуі білім саласына бағытталған. Аталмыш құжатта 12 жылдық білім беруге көшу қарастырылған. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға «ғылымға кіріспе» пәні де енгізілмек. Бұл кішкентай баланың бойында ізденімпаздық қаиетін оятатыны сөзсіз. Сонымен қатар, ұстаздар біліктілігі де жетілдірілуде. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында 336 педагог және 14 жетекші маман білімдерін толықтырды.

Уақыт өткен сайын өңіріміздегі мектептердің материалдық-техникалық базасы да нығаюда. Бүгінгі күні облыстағы білім ошақтарының 100%-ы оқулықтармен толық жабдықталып, соңғы үлгідегі қондырғылармен жарақтандырылуда.

Серік Дүйсембеков – СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

-Бүгінгі жиыннан біраз ақпар алдым. Әсіресе білім саласына қатысты. Екі жылдан кейін менің де балам мектеп табалдырығын аттамақ. Сондықтан бұл бізге тікелей қатысты мәселе. Аталмыш салаға енгізілген өзгерістер жастардың бәсекеге қабілетті, білікті маман етіп шығуына ықпалын тигізбек. Қазақстанның дамуы – жас ұрпақтың қолында.

Семинарға қатысушылар спикерлерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Және жуық арада дәл осындай жиын тағы да ұйымдастырылатыны айтылды.

 

 

Айгерим Ержанова