Балалар

Петропавлдағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын 15 жасөспірім паналауда

Райхан Ертаева – Кәмелеке толмағандарды оңалту орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-“Орталық 2011-ші жылы білім беру басқармасының қарамағына өтіп, содан бері кәмелеке толмаған балаларды оңалту орталығы болып құрылды. Оған дейін көп жылдар бойы ІІМ-нің тергеуде жүрген жеткіншектерді ұстайтын мекеме болатын. Орталықты қиын өмірлік жағдайға тап болған 3-тен 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар уақытша паналайды. Кейін оларды ата-аналарына не болмаса мектеп-интернаттарға жібереміз.

Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына келіп түскен жеткіншектерге барлық жағынан тұлға ретінде қалыптасуларына бар мүмкіншілік жасалған. Өйткені, мұндағы балалардың көздерінде мұң бар. Тіпті, кейбірі күйзеліске түскен. Сондықтан, мұндағы қызметкерлер жеткіншектерге ұдайы көңіл бөліп, жайлы ортаға қайта бейімделуге көмектеседі.

Нәзира Махметова – Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығының әлеуметтік ұстазы:

-Балалармен жеке жұмыс жасау ыңғайлы. Себебі, әр түрлі жаста, әр түрлі санатқа байланысты осындай балалар келіп түседі. Яғни, жаңадан келген балалармен жеке әңгіме жүргіземіз. Ал ересек балалармен жұмыс жасау күрделі. Өйткені, олардың әрбіріне ең алдымен психолог мамандардың көмегі қажет.

Кәмелетке толмағандарды оңалту орталықтары республиканың барлық қалаларында бар.

 

 

Бакыт Садуакасов