Мәдениет

Петропавлда көше субмәдениеті түрлерінің арасында облыстық фестиваль ұйымдастырылды

Александр Маналаки – байқауға қатысушы:

-Мен Темирязев ауданы Ақсуат аулынан келіп отырмын. Жұртшылық алдында “Опасно жить на свете” атты өлеңімді оқыдым. Бұл туынды қылмыстық ортада өмір сүріп жатқан адамадар жайлы. Әндерді жазып жүргеніме 1 жыл болды.

Жастар сондай-ақ “граффити” тәсілімен сурет салудан өнерлерін көрсетті. Вячеслав Березкин байқауға қатысу үшін сонау Латвиядан келген. Жерлесіміз 4 жыл бұрын осы елге көшіп кеткен. Бәйгенің өтетіні туралы достарынан естіпті.

Вячеслав Березкин – байқауға қатысушы:

-Мына бейне арқылы өңіріміздің байтақ жерін, күннің көзі мен ашық аспанын көрсеткім келді. Сурет салу – менің ең сүйікті ісім.

Байқауға қатысушылардың да, тамашалауға келген адамдардың да қарасы қалың болды. Жастар сахна төрінде өз өнерін көрсетіп, көрермендерге қуаныш сыйласа, басқалары стритворкаут, скейтбордингтен бағын сынауда. Жалпы, бұндай шара өнерпаз жастардың көңілінен шықты.

-Әзірге, рэп өнері мен үшін қызық болды. Енді баттлды күтіп отырмын.

-Осындай байқауды өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға ризамын. Шара өте қызықты, өзіме қатты ұнады.

Көше субмәдениетінің облыстық фестиваліне 200-ге жуық жас қатысты.

Әсемгүл Есқожа – «Азаматтық бастамаларды дамыту» қоғамдық институтының төрайымы:

-Бүгін Петропавлда жастар субмәдениетінің екінші облыстық байқауы өтуде. Бұл шара 9 бағыт бойынша өткізіледі. Фестивальдің басты мақсаты көше субмәдениетін одан әрі дамыту болып табылады.

Байқау соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Сагыныш Маркашева