Білім

Білім беру ұйымдарының педагогтары тәжірибе алмасты

Ағарту саласының мамандары мұндай жиналыста жаңа оқу жылына бағыт-бағдарын айқындап алады және біліктілігін арттырғандары әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Мына кабинетте география, биология, химия пәндерінің мұғалімдері Кембридж бағдарламасының артықшылықтарын талқылауда.

Аяжан Ғабдуллина, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының мұғалімі:

-Кембридж бағдарламасында 7 модульді игердік. Онда баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, интерактивті тақтаны сабақта қалай қолдану керектігі жайында айтылған.

Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік оқыту курстары 2011 жылы басталды. Сол уақытта бері қалалық білім беру ұйымдарынан 400-ден астам педагог білікітілігін арттырды. Жалпы алдағы оқу жылында біраз өзгерістер болады. Соның бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне сатылай көшу. Оны мамандар бастауыш сыныптардан бастамақ.

Сәуле Әбілқасова, Петропавл қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

-Жаңа оқу жылында облысымыздағы 2 мектептің бастауыш сыныптары жаңа білім беру стандартарымен оқитын болады. Оның бірі қалалық №16 орталау мектебі мен М.Жұмбаев ауданындағы Сарытомар орта мектебі. Ондағы мұғалімдер Астана қаласындағы педагогтардың шеберлігін арттыру орталығында курстан өтті.

2 жыл бұрын мектептерде 1-ші, 2-ші сыныптарға арналған ағылшын тілі пәні енгізілген болатын. Ол оқушылар биыл 3-сыныпқа көшіп, шет тілін ары қарай меңгеруін жалғастырады дейді мамандар.

 

Берик Касен