Білім

СҚО біліктілікті арттыру орталығында жаңа дәрісхана ашылды

Мархаба Қуантаева, Облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары:

-Мұнда халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар Кембридж бағдарламасы бойынша білім береді. Курстар қазақ тілі, жаратылыстану, физика және математика сынды барлық сабақтарды қамтиды. Жалпы осы уақытқа дейін 1 484 мұғалімнің біліктілігін арттырдық. Оның 82 пайызы ауылдық мұғалімдер болса, қалған 18 пайызы қалалық ұстаздарды құрап отыр.

Деңгейлік курстарға мамандандырылған дәрісхана бірнеше бөлікке бөлінген. Мәселен, мына орын педагогтардың демалып, сергіту жаттығуларын орындауға арналған. Одан бөлек, ақпараттық құралдармен жабдықталған бұрыш пен топтасып жұмыс жасауға лайықталған жер бар. Ал, мына қабырғада алдағы уақытта жаңа сыныпта дәріс жүргізетін жаттықтырушылар жайлы ақпар берілген. Олардың барлығы – халықаралық дәрежедегі сертификатқа ие ұстаздар.

Қарашаш Жамантаева, Облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаттықтырушысы:

-Бұл жерде қысқа мерзімде білім берілетін болады. Олар да халықаралық дәрежедегі дипломға ие болмақ.

Бүгінгі жаңа дәрісхананың ашылу салтанатына ортақтасқан ұстаздардың қатарында Олжас Жақыпов та бар. География пәнінің мұғалімі өткен жылы дәл осы орталықта біліктілігін арттырған екен.

Олжас Жақыпов, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің география пәні мұғалімі:

-Мен әрқашан орталықпен қатынастамын. Мектептегі жұмысыма тигізер әсері зор.

Жалпы, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жергілікті филиалы оқу маусымын тамыздың 24-інен бастайды

 

 

Акбопе Танирберген