Қоғам

Петропавлдағы көпқабатты үйлерде жылу есептегіш құрылғылары орнатылуда

Нина Клишина – «Мейрам», «Красноармейская 53» ПИК төрайымы:

-Мен жетекшілік ететін кооперативтің қарамағында 6 үй бар. Олардың барлығында жылу есептегіш құрылғылары орнатылған. Оған тұрғындар еш өкінбейді. Қондырғыны компания өкілдері өздері қойып берді. Қызметтің құны – 700 мың теңге. Оның ақысын 3 бөлмелі пәтер иелері – 800, 2 бөлмелілері 600 теңгеден, ал 1 бөлмелі пәтер тұрғындары 400 теңгеден төлеп келеді. Өте тиімді.

Петропавл қаласында барлығы 1041 үй бар. Бүгінде соның 284-іне жылу есептеу құрылғысы орнатылыпты. Жыл соңына қарай осындай құралмен 538 баспананы қамту көзделген. Жалпы аталған қондырғының пайдасы молынан. Мәселен, мамандар жылу есептегіштің көмегімен істен шыққан учаскені анықтап, ақауды жойса, пәтер иелері шаршы метрге төлейтін ақыны қысқартып отыр дейді “Севказэнергосбыт” серіктестігінің бас директоры Мағауия Сағандықов.

Мағауия Сағандықов “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры:

-Сараптама барысында анықталғандай, баспана тұрғындары нақты пайдаланған жылуға ғана төлейтін болып шықты. Мысалға, бүгінде петропавлдықтар бекітілген жалпықалалық тариф негізінде бір шаршы метрге 87 теңгеден төлесе, жылу есептегіш құралдың арқасында қызмет құнын өтерде ақының 20 пайызын үнемдейді.

Серіктестіктегілер келесі 2016 жылы облыс орталығында тағы 234 баспананы жылу есептегіш құралымен қамтуды межелеуде. Жалпы, бұл жұмыстарға мемлекеттен 386,8 млн теңге бөлінген.

 

 

Култанов Байболат