Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірлік үйлестіру кеңесінде 6 жоба қолдау тапты

Ирина Демидова – «РимКазАгро» ЖШС директоры:

-Бүгіндері біз жер учаскесін алдық. Қондырғыларды жеткізетін компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жобаны «Қазақстанның Халық банкі» қаржыландыратын болады. Қазір шығарылатын брендтердің қаптамасы мен концепциясы ойластырылып, жасалуда.

Жоба іске қосылса, қосымша 58 жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорын бұл жобаны«Радуга» ЖШС бірлесіп атқармақ.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-«Радуга» серіктестігінің бұл жобаны жақсы деңгейде іске асыратындығына сенім мол. Бұған дейін де бірнеше бағдарламаны жүзеге асырған. Олар бұрындары бар өнімді Ресейден жеткізсе, қазір соның бәрін өзімізде өндіруді бастады. Сондықтан, оны қолдау қажет деп ойлаймын.

Жоба кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Кейінгі қарастырылған 2 өтініш бір-біріне өте ұқсас. «Сергеевка сүт өнімдері» және «Тайынша сүті» ЖШС өндірістерін жаңартуды көздеп отыр. Бұл екі бизнес идея да бірауыздан мақұлданды. Бұдан соң «Малахит Касс-Тал» кәсіпорны ұсынып отырған бөтелкелі су өндірісі бойынша жоба қызу талқыланды. Жобаның жалпы құны 63 млн теңгені құрайды. Ақжар ауданы Талшық ауылында жүзеге асырылатын іс тек жергілікті елді мекен тұрғындарын ғана емес, теріскейліктерді де сапалы сумен қамтамасыз етуді көздейді. Қазір серіктестікте жер учаскесін алу жөнінде біршама кедергілер туындаған. Аймақ басшысы оны қарастыратындығын жеткізді. Соған қарамастан жоба мақұлданып отыр. Кейін кеңес мүшелері «Атай-СК» ЖШС-нің өтінішін қарады. Олар өндіріс көлемін арттыруды жоспарлауда. Жоба құны – 2 млрд теңге.
Жиында қарастырылған соңғы бизнес идея ең ірі болып саналады. Ол – «Сырымбет» тау- кен байыту кешені ұсынып отырған қалайы өндірісі. Жобаның сомасы 10 млрд теңгені құрайды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Бұл – біз үшін ірі жобалардың бірі. Аталған өндірісті біз 2018 жылы іске қосу керекпіз. Ол жүзеге асырылса қосымша 600 жұмыс орны ашылмақ. Бұл дегенміз ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық болмақ.

Жалпы жыл басынан бері өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері 7,9 млрд теңгенің 23 жобасын қарастырса, соның 20-сы мақұлданған.

 

 

Магжан Ахмадина