Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Жыл басынан тәртіп сақшылары осыған ұқсас 620 фактіні тіркеп, хаттама толтырды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мемлекеттік мүлікке зақым келтіргендер 20 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке уақытша ұстау изоляторына тоғытылады. Ал мемлекет қарамағына алынған тарихи, мәдени ескерткіштер мен нысандарды қасақана бұзып, оларға нұқсан келтірсе жаза қатаңдатылады.

Шамшиден Ақышов, Петропавл қаласы ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары:

-Егер бұзақы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтірген болса ол ҚР-сы Қылмыстық Кодексінің 203-бабы бойынша 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биыл облыс орталығында абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Қаланың 10 негізгі көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп, ескі бағдаршамдар мен аялдамалар жаңасына алмастырылуда. Десе де бұл әдемілікті көбі бағалай бермейтін көрінеді.

Гулия Салтыкова, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі:

 

-Өкінішке қарай, басқа біреулер емес, қала тұрғындарының өздері баннерлердегі суреттерді жұлып, аялдамалардың әйнегін шағады. Рұқсат елітмеген орындарға жарнамаларын іледі. Менің қала тұрғындарына айтарым, егер қаланың инфрақұрылымына нұқсан келтіріп жатқан бұзақыларды көрсеңіз, дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе қаланың бірыңғай диспетчерлік бекетіне 109 нөмірімен хабарласуға болады.

Бүгінде тәртіп сақшыларының жұмысын көше қиылыстарына орнатылған бейнебақылау камералары жеңілдетіп отыр. Айта кетейік, жуық арада Жұмысшы кентіне жақын жерде осындай жаңа қондырғылар орнатылады.


Берик Касен