МТРА жаңалықтары

Әскери институтта “Жас жауынгер” курсы жүргізілуде

Енді бұл қару – оның 4 жыл бойы иығынан тастамай асынып жүретін серігі. 17 жастағы болашақ офицер ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтында білім алатынын мақтан тұтады.

Дидар Қауынбек – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты:

-Қазір сапта жүріп, жаттығулармен айналасып жатырмыз. Ал, бүгін қару алып отырмыз. Алдағы күндері қалай пайдалану тәсілдерін үйренбекпіз. Алла қаласа мықты офицер болып шығамын.

1-ші курсқа түскендердің барлығы – 17-20 жастағы бозбалалар. Қазіргі күні мұндағы оқытушылар мен әскери қызметкерлер оларға мемлекеттік құқықтық дайындық негіздерін ұғындырып, саптық тактиканы жүргізуде. Бұл “Жас жауынгер” курсы 1 айға жалғаспақ.

Мұрат Шапашев – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының бөлім бастығы:

-Жас жауынгер курсын жүргізудегі басты мақсат елге адал курсант тәрбиелеп шығару. 4 жыл оқып бітіргесін жауынгерлер лейтенант атағын алып, әскери бағытта қызмет етуді жалғасытыратын болады.

Қыркүйек айының 5-інде жас курсанттар Отан алдында адал қызмет етуге ант етпек. Қазіргі қатардағы жауынгер 4 жылдан кейін офицер шенін алатын болады.

 

 

Акбопе Танирберген