Мәдениет

СҚО “жақсылық апталығы” жүріп жатыр

Бұл Сәния Байсенбаеваның резиденцияға алғаш келуі. Тарих пәнін сүйіп оқитын ол, мұндағы заттардың барлығын суреттен ғана көргенін айтады. Әрине, тарихи тұлғаның жеке заттары мен мүсінін өз көзіңмен көру бір бөлек дейді ол.

Сәния Байсенбаева:

-Мен мұнда бүгін бірінші рет келдім. Қатты ұнады. Абылайхан туралыв көп білдім. Мектепте де оқығанбыз, бірақ мұражайда толығырақ таныстым.

Аталмыш саяхатты жастар бастамасы орталығы мен аудан кәсіпкерлері «жақсылық апталығы» аясында ұйымдастырып отыр екен. Акция тамыздың 10-ынан бастау алған.

Алина Бржанова – СҚО жастар бастамасы орталығының нұсқаушысы:

-Бұл балалардың біразы аз қамтылған отбасыдан шыққан, кейбірінің денсаулығында ақауы бар. Оларға көңіл бөлу маңызды. Сол себепті жастар бастамасы орталығы «жақсылық аптасын» жасап отыр. Бүгін бізге Ғабит Мүсірепов ауданының оқушылары келді. Олар қаламызда орналасқан резиденцияны, облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері мұражайын, ботаникалық бақты аралады. Бұл игі істі біз айдың соңына дейін жалғастырамыз.

Жалпы аумағы 1 мың 78 шаршы метрді құрайтын нысан жақында жаңартылып, ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда мұражай ашылған 2008 жылдан бері еш жөндеу жасалмапты. Жақында облыс бюджетінен бөлінген қаржыға ақ үйдің қоршаулары да жаңартылмақ.

 

 

Айгерим Ержанова