МТРА жаңалықтары

Сот орындаушыларын тың жаңашылдық күтуде

Айталық, реформада көрсетілген заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік сот орындаушыларын біртіндеп қысқарту керектігі жайлы айтылған. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап бұл салада жаңа үлгі – жеке сот орындаушылар институтын кең ауқымда дамыту қарастырылыпты.

Батырбек Қалабаев- СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:

-Бұл институт жұртшылықтың әділ сотқа қолжетімділігін арттырып, сот орындаушылар қызметін жаңа деңгейге шығармақ. Сол үшін еліміздегі республикалық жеке сот орындаушылардың коллегиясы республикалық жекеменшік сот орындаушыларының палатасына алмастырылды. Ал облыстарда олардың филиалдары құрылды.

Бүгінде өңірде 76 сот орындаушысы бар. Олардың әрқайсысына жылына орта есеппен алғанда 1300-ден астам атқарушы іс жүктеледі екен. Ал жеке сот орындаушыларының саны облыста 20-ны құрайды. Соңғыларының қатары алдағы уақытта біршама артпақ. Бұл жұмыстар бүгінгі күні басталып кетті.

Батырбек Қалабаев- СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:

-Осыған дейін мемлекеттік сот органдарында жұмыс істеген мамандар енді жекеменшік қызметке ауыса алады. 2016 жылы олардың саны 80 пайызға қысқарады. Бүгіндері мемлекеттік сот орындаушылары жекеменшік сот орындаушыларына өндірістік істерді тапсыруда. Кәсіпорындармен меморандумдар жасалуда. Әзірге, оларға жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік айппұлдарын өндіріп алу бойынша істер аударылып жатыр.

Ал әлеуметтік маңызы бар, алиментті төлету және мемлекет алдында борышкер азаматтардың істері, әзірге мемлекеттік сот орындаушыларының қарамағында болады.


 

Магжан Ахмадина