МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында жылбасынан 125 өрт оқиғасы болған

Тұрғындар болса, мамандардың ескертулеріне құлақ асып, барлық ережелерді сақтауға уәде берді.

Кәмәл Усманова – Заречный тұрғыны:

-Мұндай шаралар өте маңызды. Өрттің алдын алу керектігін тағы да бір үйренеміз.

Тілсіз жаудың тұтануына көп жағдайда тұрғындардың өздері кінәлі болады екен. Олар уақытында пештерін тазартпай, электор сымдарын дұрыс тартпайды. Аталған олқылықтарға немқұрайлы қараудың салдарынан орны толмас өкінішті оқиғалар туындайды дейді, – мамандар.

Аян Құсайынов – Петропавл қалалық ТЖБ аға инженері:

-Көбінесе өрт жеке меншік тұрғын үйлерде туындайды. Сонымен қатар, апаттар кезінде байқағанымыз қызыл жалынның таралуына баспана иелерінің өздері кінәлі. Тұрғындар өрттің шығу жолдарын ескермей, алдын-алу шараларын жасамайды. Сондықтан мамандардың қойған талаптары мен ескертулерін орындау қажет.

Жалпы Петропавл қаласында соңғы алты айда 125 өрт оқиғасы болған. Апаттардан келген материалдық шығын 26 млн. теңгені құрайды. Тілсіз жаудың салдарынан 3 адам қаза тауып, 6 тұрғын түрлі дене жарақаттарын алған.

 

 

Култанов Байболат