МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет жүйесі өзгеріске ұшырамақ

Яғни, ол қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге бағытталған. Президент әр сала бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Біріншіден, мемлекет басшысы кәсіби мемлекет аппаратын құру мәселесін көтерді. Яғни, орталықсыздандыру саясаты бойынша жұмыс жасау керектігі жайлы айтылды.

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімі аппаратының басшысы:

-Министрліктерден облыстарға, облыстардан аудандарға кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету функцияларын беру мәселесі, Ол ауылдық деңгейдегі әкімдердің деңгейін өсіру мәселесі. Жалақысын арттыру. Осы 100 нақты қадам аясында белгіленген.

Қазір бұл бойынша еліміздің әр өңірі өз ұсыныстарын жасақтап, алда оны үкіметке жөнелтпек. Ал күзде олардың барлығы қарастырылып, тиісті шешімдер шығарылатын болады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жұмыс сапасына қарай факторлық-баллдық шкала бойынша төленетін болады.

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімі аппаратының басшысы:

-Екі бөлек лауазымда, бірақ бірдей категорияда бірдей жалақы төленіп жатса, әрине адамдар жеңілдеу жұмысқа барғысы келеді. Ал ауыр жұмсыты ешкім атқарғысы келмейді. Сондықтан, лауазымның жұмысы күрделі болса, оған жалақы көбірек төленуі мүмкін. Оған қазір 6-7 критерий қарастырылып жатыр. Соған қарай жалақы бөлу мәселесі қарастырылады.

Жалпы бүгінде өңірде 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Сондықтан алда бұл жаңашылдықтар енгізілсе, онда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу бұдан да жауапты әрі абыройлы болмақ.

 

 

Магжан Ахмадина