МТРА жаңалықтары

Биыл Ата Заңның қабылданғанына жиырма жыл

Анар Қарабалинова – СҚО сот актілерін орындау департаментінің жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім басшысы:

-Сот шешімдерін атқару көп уақытты және біраз еңбекті талап етеді. Біздің алдымызда түрлі кедергілер кездесіп жатады. Адамдар әртүрлі ғой. Алайда Заң алдында әкім де қара да теңдей екендігін ескерсек, сот шешімін орындауға баршасы міндетті.

Әрине, мемлекеттік сот орындаушылары үкім шығысымен, оны орындауға бірден кіріседі. Ата Заңға сүйеніп қабылданған шешімдерді аяғына дейін жеткізу жолында әр сот орындаушы өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, табанды еңбек етіп жүр.

Анар Қарабалинова – СҚО сот актілерін орындау департаментінің жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім басшысы:

-Конституция – елімізде тұратын азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын басты құжат болып саналады. Басты заңдар жиыны түрлі даулар мен келіспеушіліктерді әділ шешіп береді. Борышын өндіре алмай жүрген тұрғындардың қарызындарын да осы конституцияға арқа сүйеп, өндіреміз.

Жалпы сот үкімдерін бұлжытпай орындау – баршаға ортақ міндет. Ал заңды шешімді елемегендерге тиісті жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаған жөн.

 

 

Бакыт Садуакасов