МТРА жаңалықтары

СҚО “Жасыл ел” отряды қызу жұмыс жасауда

Абай Кожегальдин – «Жасыл ел» отрядының мүшесі:

-Жазғы демалысқа үйге келдім. Үйде істейтін жұмыс аз, сондықтан, өзіме ақша жинау үшін «Жасыл елге» орналастым. Жұмыс қиын емес әрине. Жас бұтақтарды шабу оңайырақ. Ал жуандары сәл қиындау.Таза ауада жұмыс істеген жақсы.

Жұмысшы жастардың арасында мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері бар. Бүгін жасылелдіктер 14 адамнан екі топқа бөлініпті. Ұлдар түптері жуан ағаштарды шапса, қыздар оларды белгіленген жерге тасып жатыр. Сәния Жукенова биыл алтын ұя мектебін тамамдаған. Осылайша ол демалысын тиімді әрі табысты өткізуде.

Сания Жукенова – «Жасыл ел» отрядының мүшесі:

-Мектепті мен биыл бітірдім. Жазғы демалысымды пайдалы әрі тиімді өткізу үшін «Жасыл ел» құрамасына келдім. Мұнда жұмыс істеп жатқаныма бір апта болды. Шыбын-шіркейлерге қарамастан, жұмыс өте қызықты өтіп жатыр. Мен мұнда жаңа таныстар таптым.

Биыл «Жасыл ел» құрамында облысымыздың 9 ауданында 323 студент қызмет етуде. Оның 225-і шілде айында еңбектенсе, қалғаны жаздың соңғы айында жұмыс істеп жүр. Аталмыш отряттың қатарында жүрген жастардың орманшыларға тигізер көмегі зор.

Әлік Мүрсәлім – «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Куйбышев орманшылығының орманшысы:

-Студенттер бізге шілденің бірінен көмектесуде. Олардың көмектері көп. Өрт болғани жағдайда машиналар мен тракторла оңай өту үшін жол ашып жатыр. Лесхоздың жері үлкен. Алдында студенттер аэропорт жаққа жол ашып, тазалады.

Жалпы жұмысшы жастардың бір айлық табысы 40 мыңның маңайы. Ол үшін республика мен облыс бюджетінен 9 млн 500 мың теңге қарастырылған.

 

 

Айгерим Ержанова