Білім

Облыста “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Вероника Иноземцева – №10 орта мектептің 4-сынып оқушысы:

-аған түрлі-түсті қарындаштар тарту етілді. Оған қоса ермексаз да бар екен. Енді жиі сурет салмақпын. Сыйлықтардың бәрі көңілімнен шықты.

Жалпы, бүгін кеңселік тауарларға Н.Крупская атындағы №10 орта мектептің 5 оқушысы ие болды. Олардың ата-аналары мұндай құрметке бөленгенгендеріне риза.

Елена Дронова – ата-ана:

-Жасалып жатқан көмекке үлкен рахмет. Бұл біздер – ата-аналар үшін жақсы қолдау болып отыр. Сөмкенің ішінде мектепке қажет құралдардың барлығы бар. Енді балаларымыз сабақтарын еш алаңсыз оқитын болады.

Бұл игі істің осы мектепке өткізілуіне облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері бастама танытқан. Олар әр балаға жалпы соммасы 10 мың теңге тұратын мектеп құралдарын сатып әперген.

Қуат Тәжібаева – СҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы:

-“Мектепке жол” акциясына біз жыл сайын қатысамыз. Осы жолы да балаларды оқу жылы қарсаңында қуантуды жөн көрдік. Оқушылар алдағы уақытта сабақтарын жақсы оқиды деп ойлаймын.

“Мектепке жол” акциясы аясында бүгінге дейін облыс бойынша 171 балаға 600 мың теңгеге жуық қаражатқа көмек көрсетілген. Тамыздың 1-нен басталған шарапаты мол шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

 

 

Култанов Байболат