Қоғам

Петропавлдың Ботаника бағында 100 жылдық мәңгі жасыл – юкка ағашы гүлдеді.

Елена Душенко, “Қызылжар оранжереясы” қысқы ботаникалық бағының экскурсия жүргізушісі:

-Бұл – өте әдемі өсімдік. Шөлге шыдамды және жарық сүйгіш келеді. Үйде және кеңседе өсіруге болады. Астрологдардың пайымдауынша жағымды иісі бар Юкка ағашы ауаны тазартуға және жағымсыз мінездерден арылуда пайдалы. Ағаш, агрономдардың әрекетінсіз табиғи жағдайда өзі гүл ашып отыр. Бұл құбылысты бір айдан бері бақыладық.

Алоэ тұқымдас юкка Солтүстік Америка мен Кариб аралдарындағы құрғақ өңірлерде кездеседі. Ботаника бағының бас агрономы Равиль Рязаповтың мәліметінше, бұл ағаштың өскіні Қызылжарға 1912 жылы әкелінген екен.

Равиль Резаков, “Қызылжар оранжереясы” қысқы ботаникалық бағының бас агрономы:

-Ағаштарды мұнда Санкт-Петербург ботаникалық бағынан жас өскін кезінде полковник Ельгам Курапов жеткізген. Өсімдік жылы жақта өседі, ал солтүстікте қолдан қолайлы климат жасау қиындау әрине. Дегенмен, ағаштың күтімі жақсы, өсіп-өніп жатыр. Бұл бірінші гүлдеуі емес. Бұдан бұрын алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын жеңістің 60 жылдығының қарсаңында гүл жарған болатын. Бұл оқиға өңірімізге елбасымыздың келуімен тұспа-тұс келді. Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы жабайы юкканың гүл ашқанын бақылап, таң-тамаша болды.

Юкка гүлінің аңқыған иісі бақты алып тұр. Бір қарағанда, кәдіуілгі қоңыраугүлге ұқсас.

 

 

Акбопе Танирберген