МТРА жаңалықтары

Оқу орындары қысқы жылыту маусымына дайын

Накия Қажымұратова- Покровка орта мектебінің директоры, Мамлют ауданы:

-Мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жуып-шаю жұмыстарын да жұрттан бұрын жүргіздік. Қыста температура нормаға сай ұсталады. Оқу ордасы жылы. 2006 жылы 2 қазандық жаңадан қойылды. Сондықтан еш проблема туындамайды. 4 жұмысшы күні-түні пештің қасында.

Мектеп жанында 25 бүлдіршінге шақталған шағын орталық жұмыс істейді. Аралас оқу орны болғандықтан, балғындар екі тілде білім алады. Мектеп оқулықпен толық қамтылған. Материалдық-техникалық базасы да үнемі жаңартылып отырады. Жалпы аудан бойынша 35 білім ошағы бар. Бүгіндері олардың барлығы жылыту маусымына дайын. Ол үшін аудан бюджетінен 46 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

Андрей Токарев- Мамлют аудандық білім бөлімінің әдіскері:

-Ауданда білім беру ошақтарында талапқа сай келмейтін қазандықтар жоқ. Барлық мектептердегі қазандықтар сыртқа шығарылған. Жылыту құрылғылары жөндеуден өткізіліп, қалыпқа келтірілді. Қажетті көмір, отын алынды.

Жалпы ауданда 2500-ден астам бала білім алады.

 

 

Магжан Ахмадина