Қоғам

Кәмелет жасына толмаған балалар шекараны туу туралы куәліктің көшірмесімен басып өте алмайды

Анастасия Букатова, ҚР азаматшасы:

-Поезға мінерде шекарашылар ұлымның туу туралы куәлігінің түпнұсқасын сұратты. Бірақ құжатты мен Новосібір қаласында тастап кетіп, оның көшірмесін нотариуста мөр арқылы бекіткен едім. Оным Қазақстан шекарасын кесіп өтуге жарамады. Заңға сүйенген шекара күзетшілері ұлымды құжатсыз басқа елге жіберуге болмайтындығын түсіндіріп айтты. Содан жол жүру кестесін кейін шегеріп, жолымнан қалуға тура келді.

Шекара қызметі мамандарының айтуынша, туу туралы куәліктің көшірмесі нотарис арқылы бекітілсе де, оның шетелдерде заңды күші жоқ дейді.

Ринат Садыров, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің СҚО бойынша шекаралық бақылау бөлімінің бастығы:

-2000-жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан республикалары мен Ресей елі арасында шекараны кесіп өту туралы заң жобаларына өзгерістер енгізіліп, ол күшіне енген болатын. Құжатта көрсетілгендей, кәмелет жасына толмаған балалар шекараны туу туралы куәліктің түпнұсқасымен кесіп өте алады. Яғни, бұл жерде көшірменің күші жоқ. Сондықтан шекарашылар сол заңға сүйеніп, Қазақстан және шекаралас елдердің азаматтарын құжаттың түпнұсқасынсыз өткізбейді.

Шекарадағы біраз кедергілерге қарамастан, баласының құжаттарын алдыртқан Анастасия Букатованың жоспары орындалып, ол бүгінде Ресейге ұлымен демалуға кетті.

 

 

Берик Касен