Денсаулық сақтау

Елбасымыз бекіткен “100 нақты қадамда” үкіметтік емес мекемелерге де назар аударылған

Екатерина Сивая – емделуші:

-Дәрігерлер айнаға түсуге жіберді. Мұндағы мамандардың жұмысы жеңілдепті. Жаңа аппараттар орнатылған екен. Бұл құрылғылардың көмегімен енді мамандар диагнозды да дұрыс қоятын болды. Емделушілер үшін бұл қуңанышты жаңалық.

Жыл сайын бұл мекемеге жаңа құрылғылар жеткізіліп тұрады. Мысалы, биыл «Стоматология» жеке коммерциялық емес мекемесі өз қаражатына 3 бірдей қондырғы алыпты. Бұл аппараттар дәрігерге жұмыс барысында зор септігін тигізеді дейді мамандар. Айта кету керек, аталмыш құрылғылардың саны еліміз бойынша небәрі бесеу ғана.

Евгений Любых – «Стоматология» жеке коммерциялық емес мекемесі хирургия бөлімінің меңгерушісі:

-Бұл қондырғылардың бізге көмегі зор. Бүгін осы аппараттың арқасында бір емделушінің артық тіс бар екені анықталды. Ол көрінбей қызыл иек астында өсіп тұрған. Салдарынан, емделуші ыңғайсыздық пен қатты ауруды сезінген. Және де 3д құрылғысының түсірген суреті өте нақты көрінеді. Бұл тіс дәрігеріне емді дұрыс белгілеуге септеседі.

Бүгінде 55 жыл тарихы бар мекемеде 100-ден астам білікті маман солтүстікқазақстандықтарға қызмет көрсетуде.

Владимир Неприн – «Стоматология» жеке коммерциялық емес мекемесі бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары:

-Біздің жеке емхана болғанымызға 18 жылдың жүзі. Бірақ соған қарамастан, біз мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша жұмыс жасаудамыз. Әлжуаз топтағы азаматтарға тегін қызмет көрсетеміз. Емдеу мекемеміз барлық керекті құралдармен жабдықталған. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Әсіресе, Елбасымыздың «100 нақты қадамындағы» жеке медицина саласының дамуына назар салғандығы қатты қуантты.

Елбасымыздың бекіткен «100 нақты қадамының» арқасында мемлекеттік ауруханалардан басқа жеке емдеу мекемелері де жоғары дәрежедегі қызмет көрсететін болады. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды қадамның бірі. Өйткені, Қазақстанның болашағы дені сау ұрпақтың қолында.

 

 

Айгерим Ержанова