Балалар

№13 орта мектепте “Мектептке жол” акциясы өтті

Ботагөз Жүнісова – “Боулинг центр №1” Ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

-“Мектепке жол” акциясына біздің ойын-сауық кешені белсенді қатысады. Өзіміздің мүмкіндіктерімізді жиі халыққа ұсынамыз. Бүгін балаларға тегін боулинг, билярд, караоеке билеттерін тараттық. Осы қолдауымызды әлі де жалғастырмыз.

Жаңа оқу жылы аясында тартуға ие болғандардың бірі Даша Денисова. 3 сыныпқа енді көшкен балақай үлестірілген сыйлыққа дән риза. Даша сурет салғанды жақсы көреді екен. Енді осы құралдармен емін-еркін қағаз бетіне түрлі бейнеларды саламын дейді.

Даша Денисова – №13 орта мектептің 3 сынып оқушысы:

-Маған берілген қарындаштар түрлі-түсті. Акварельдік бояуларға дейін бар. Енді сабақты жақсы оқып, сүйікті ісім -сурет саламын.

Бүгін өзінің баласымен бірге Ольга Василева да келіпті. 8 бала тәрбиелеп отырған нәзік жанды “Алтын алқа” иегері. Ольга балаларға сыйлық таратқан жомарт жандарға риза.

-Баршаңызға үлкен рахмет. Менің балаларым енді мектепке дайын десем де болады. Олар қыркүйектің бірінде жаңа оқу құралдарымен мектеп табалдырығын аттайды. Демеу көрсеткен жерлестеріме алғысым шексіз.

Өз кезегінде мектеп оқушылар көмек қолын созған кәсіпкерлерге ән айтып, би биледі.

Жалпы, биыл 13-ші орта мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 22 бала білім алмақ. Айта кеткен жөн, 17 оқушы қалалық білім бөлімінің жолдамаларына ие болып, қазір сауықтыру лагерьлерінде дем алуда.

 

 

Култанов Байболат