МТРА жаңалықтары

Сбербанк “Ыстық қыс” акциясын іске қосты

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

-Клиенттеріміз үшін сыйлыққа толы акциялар науқаны жалғасуда. Тамыздың үшінен “Ыстық қыс” акциясы өтуде. Оған біздің банктен депозит ашып, 100 мың теңге салым салып, берілген арнайы карточканың көмегімен 200 теңге көлемінде трансакция жүргізген кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, автоматты түрде ыстық елде демалуға жолдама алуға үміткер атанбақ.

Жолдама – екі адамға арналған. Қолайлысы – жолы болған салымшы демалғысы келетін экзотикалық елді өзі таңдай алады.

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

 

-“Ыстық қыс” акциясына тек біздің клиенттер ғана қатыса алады. Сондай-ақ, осы шара аясында сыйлыққа ие бола алмағандардың барлығы автоматты түрде жаңа акциямыздың қатысушысы атанады.

Яғни, қазірдің өзінде жаңа акцияның мыңнан артық қатысушысы бар. Ал, оған қызығушылық танытып, тамыздың 3-нен тіркелгендер саны – 23. Шараның жеңімпазы биыл желтоқсанның 5-інде белгілі болса, сыйлық тапсыру рәсімі аталған айдың 12-сінде өтеді. Ол күні, Сбербанк клиенттерінің арасында экзотикалық елге жолдамадан бөлек LED-теледидар, планшет сынды 30 бағалы сыйлық ойнатылады.

Акбопе Танирберген