Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК өз алаңында алматылық «ЦСКА»-мен тең ойнады

Сондықтан, алматылықтармен өтетін бұл жолғы кездесу – біздің құрама үшін жауапты ойындардың бірі. Өткен жұмадағы олқылықтың орнын толтыру үшін ақ түсті жейдедегі «қызылжарлықтар» ойынды ширақ бастады. Бірнеше ұрымтал шабуылдардар жасап есеп ашудың амалдарын қарастырды. Алайда, мықты қорғанысқа көшкен қызыл-көк түсті жейдегі қарсыластар қателікке жол бермеді. Осылайша, тепе-тең өткен ойынның алғашқы бөлігінде гол соғылмады.

-Қызылжарлықтар жеңіске жетеді. Мен оларға сенемін.

-Қызылжарлықтар екінші таймда гол соғады. Олар бүгін жеңіске жетуі тиіс.

Екінші таймды «цскалықтар» жақсы қарқынмен бастады. Бапкердің үзілісте берген кеңестерін пайдаланып, жақсы шабуыл ұйымдастыруда. Сөйтіп, кездесудің 61-інші минутында қорғаушылардың қателігін пайдаланған Аслан Оразаев қақпашымен бірде-бір шығып гол соқты.

Доп жіберіп, сан соғып қалған жерлестеріміз бірден шабуылға аттанды. Сауатты қорғанған алматылық ойыншылар қызылжарлықтардың қарқындарына төтеп беруде. Алаңға жаңадан ойыншы жібермесе кеш болатының ұғынған Владимир Фомичев, шәкіртерін алмастыруды жөн көрді. Осылайша, екінші таймның ортан белінен асқанда ойынға жарақатынан жаңа айыққан Хасан Абдукаримов пен қорғаушы Ильдар Аитов шықты. Тың күшпен алға ұмтылған сәттердің бірінде қызылжарлықтар 72-минутта есепті теңестірді. Бұл жерде Давити Чегелишвилидің пасын ұтымды пайдаланған Мусса Лимане көзге түсті.

Осыдан кейін жерлестеріміз ес жиып есепті ұлғайтуды көздеді. Кезекті мүмкіндіктердің бірінде қарсылас жақтың қорғаушысы дөрекі ойнап Мусса Лиманені айып алаңында шалып жықты. Нәтижесінде, төреші пенальтидің нүктесін көрсетті. Дәл осы сәт қызылжарлықтардың гол соғатын соңғы мүмкіндігі болатын. Алайда, 11 метрден шірене тарқан Вадим Боровский қақпаға допты дарыта алмады.

Есеп 1:1.Төреші ысқырығы шалынып, ойын аяқталды. Бұл – жерлестеріміздің қатарынан үш ұпай ала алмаған үшінші кездесуі. Егер де келесі ойындарда қанжығаға толық ұпай салмасақ, жоғарғы лиганың ауылы алыстап кетері анық.

Роман Нестеренко – “Қызыл-Жар СК” ФК қорғаушысы:

-Жеңіске жетеміз деп өзімізге сенімді болдық. Бірақ та қарсылас лайықты қарсылық көрсетті. Қолда тұрған жеңістен айрылып, пенальтиді соға алмадық. Енді, келесі кездесулерге дайындаламыз. Әлі турнирлік кестеде көш бастауға болады.

Қарасай стадионындағы келесі ойын 29-шы тамыз күні өтеді. Онда теріскейлік команда семейлік «Спартакты» қабылдайды.

 

 

Култанов Байболат